×
$
453.26
€
506.7
₽
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.26
€
506.7
₽
5.58

Астана – Петропавл тасжолында қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция капитаны қаза тапты

Бүгін, 18:15
Астана – Петропавл тасжолында қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция капитаны қаза тапты
Ulysmedia коллажы

Апаттан кейін ауыр халде ауруханаға жеткізілген полиция капитаны Данияр Таев 4 қарашада көз жұмды. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Апат 3 қарашада Астана – Петропавл тасжолында болған. Сол күні Данияр Таев қызметтік міндетін атқарып, жол техникасын алып жүріп, қозғалыс қауіпсіздігін бақылаған.

Бір сәтте полиция көлігіне JAC T9 маркалы автокөлік соғылған. Полицияның алдын ала мәліметінше, жеңіл көлік жүргізушісі жылдамдықты асырып, қауіпсіз арақашықтықты сақтамаған.

Соққының қатты болғаны сонша, полиция қызметкері ауыр жарақат алған. Оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер науқастың жағдайын бірден аса ауыр деп бағалаған.

– Жансақтау шаралары жүргізіліп, дәрігерлер бар күшін салғанына қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады, – деп хабарлады Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Жүргізуші туралы не белгілі?

JAC жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер соқтығыстың мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция департаменті Данияр Таевтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.