×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Назарбаевқа ескерткіш қоюды ұсынған Мәди Ахметов жаңа қызметті иеленді

25.12.2023, 10:37
parlam.kz

Мәжілістің экс-депутаты Алматы облысының жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәди Ахметов 2019 жылдың жазында танымал бола бастаған еді. Қазақстанның экс-президентімен кездесуінде ол Алматыдағы аттас даңғылға Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін орнату туралы «елдің барша жастарының ұсынысын» қолдауды сұрады.

Ахметовтің бұл бастаманы бүкіл қазақстандық жастардың атынан көтергеніне жұртшылық наразы болды.

2020 жылдың қараша айында Мәди Ахметов AMANAT партиясынан кандидаттардың партиялық тізіміне енгізілді. Ал 2021 жылдың қаңтарында ол мәжіліс депутаты болды.

Өткен жылы Назарбаевты және қаңтар оқиғасын жаппай сынағаннан кейін Ахметов сол кездегі мәжілісмендердің көпшілігі сияқты Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастауға дауыс берді. Содан кейін ол “аяқ киім ауыстыру” туралы мемдердің кейіпкеріне айналды.

Бұдан кейін саяси сахнадан көрінбей кеткен жас шенеуніктің немен айналысып жүргені белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары