×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ресейде тыйым салған «Юговский» өнімдері Қазақстанда еркін сатылып жатыр

25.12.2023, 10:47
Коллаж: ulysmedia.kz.

Аталған мәселені бүгін мәжіліс қабырғасында депутат Ерлан Сайырыв көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ерлан Сайыров мәжілістегі үкімет сағатында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевке сауал жолдады. Оның сөзінше, Украина мемлекетін бүкіл Еуропа елдері саяси тұрғыда қолдап отыр. Бірақ Украинаның тауарларын Чехия, Словакия, Польша да Еуропаға кіргізбейді.

– Ал біз неге Қазақстанға басқа елдердің тауарларын емін-еркін кіргіземіз? Ол тауарлар жай кірмейді. Қазақстанға олар демпинг жасап жатыр. Ал Қазақстанның Ресеймен көрші облыстары Ресейге кіре алмайды. Олар Қазақстан тауарларына техникалық кедергі қояды. Батыс Қазақстан немесе Ақтөбе облыстарының ет өнімдерінің Ресейге кіргенін көрдіңіз бе? Олар кіргізбейді. Ал біз неге өз елімізді ашық алаңға айналдырамыз? Россельхознадзор «Юговский» сүт зауытының тауарларына Ресейдің өзінде сауда орындарына және оқу орындарына жеткізуге тыйым салған. Ал соның өнімі Қазақстанның барлық сауда орындарында тұр. Осы өнімдер халықтың денсаулығына зиян деп Ресейде сатылмайды. Біз неге оны Қазақстанға кіргіземіз? Міне, осы жөнінде белгілі бір тексеру жүргізесіздер ме? Тек ұлттық отандық өндірушілердің мұң-мүддесін былай қойғанда, халықтың денсаулығына зиян келтіріп отырмыз? – дейді ол.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев аталған зауыттың өнімі Ресейде тыйым салынғанынан хабарсыз екен.

– Юговский бойынша тексеру шараларын қабылдаймыз. Осы жерде СЭС төрағасы отыр. Ол кісі жазып алды. Бізде бақылау жағынан 18 мың адам бар. Бірақ олардың жұмыс үйлесімі жағынан мәселелер болды. Жыл басында ахуалдық штаб енгіздік. Енді оған бүкіл тексеретін органдарды кіргіздік. Кіретін кезде не істелуі керектігін, зерттеу қалай жүргізілуі керектігін енді білеміз. АШМ-де зертхана болмаса, өзіміздің әріптестерімізге беруге мүмкіндік туғыздық. Жеке зертханада да тексеріледі, - дейді ол.

Министрдің айтуынша, сауда жағынан кедергілер сапа және қауіпсіздік жағынан қойылатынын айтады.

– Оған дәліздер керек. Зерттеудің хаттамалары керек. 85 нақты тауар позициясын біз келесі жылы жоспарға енгіздік. Енді кірген кезде біз тауардың нақты үлгісін әр партия бойынша тексеретін боламыз. Қосымша мен бірінші жартыжылдықта сізге нақты есеп беріп, нақты қандай өнімді кіргізбегенімізді айта аламын. «Юговский» бойынша егер Ресейдің өзінде сондай факт болса, онда біз еш хаттаманы күтпей, бұл өнімге тыйым саламыз, – дейді Шаққалиев.

Серіктес жаңалықтары