×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Жұмысын нашар жоспарлайды»: Есқараев әріптестерін «сойып салды»

26.12.2023, 10:08
«Жұмысын нашар жоспарлайды»: Есқараев әріптестерін «сойып салды»
Коллаж: ulysmedia.kz.

Үкіметте заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Әділет министрі Азамат Есқараевтің сөзінше, парламент мәжілісіне биыл 32 заң жобасын әзірлеп, енгізуді көздеген. Жыл ішінде жоспарға 7 рет өзгеріс енгізілген. 4 заң жобасы бойынша енгізу мерзімдері ауыстырылып («Масс-медиа туралы», Су кодексі және олардың ілеспе заң жобалары), мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша заң жобасы алынып тасталған. 8 жаңа жобаы (Бюджет, Құрылыс кодекстері, «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы», «Масс-медиа туралы» және олардың ілеспе заң жобалары) толықтырылған.

– Қазір 32 жобаның 5-еуіне мемлекет басшысы қол қойды. 20-сы парламенттің қарауында, 5-еуі үкімет қарауында (Су кодексі, «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» және олардың ілеспе заң жобалары, 1 жоба дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша), 2-еуі мемлекеттік органдарының келісуінде (Құрылыс кодексі және оның ілеспе Заң жобасы). Өз кезегінде, министрліктердің қайта құрылуына, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен тұжырымдамалық мәселелерді пысықтауға байланысты Су және Құрылыс кодекстерінің жобалары бойынша жұмыс жалғасуда. Мемлекеттік органдар заң жобалау жұмысын нашар жоспарлануына назар аударғым келеді, оның нәтижесі мерзімдерінің жиі өзгеруі және Жоспардан алып тастау болып табылады, - дейді Есқараев.

Министрдің сөзінше, мысалы, Су кодексі жоспарға сәйкес енгізу мерзімдері екі рет түзетіліп, сондай-ақ үкіметке мерзімі бұзыла отырып енгізілген. Бұдан басқа, жоспардан тыс 18 заң жобасы әзірленіп, 70-ке жуық жекелеген түзету топтамасына бастамашылық жасалған, сондай-ақ бұл заң жобалау жұмысынның тиісті жоспарлаудың болмауын көрсетедіі.

– Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Әлихан Асханұлы, мемлекеттік органдарға заң жобалау жұмысын жоспарлау кезінде болжамды-талдамалық жұмысты күшейтуді тапсыруды сұраймын, - дейді ол.