×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жұмыс беруші қауіпсіздікті қамтуы тиіс: Министр Алматыдағы автобус апаты жайлы

26.12.2023, 10:51
Жұмыс беруші қауіпсіздікті қамтуы тиіс: Министр Алматыдағы автобус апаты жайлы
Фото: Скриншот

Министрдің айтуынша, бір кездері Қазақстанда әйелдер жұмыс істемеуі керек мамандықтардың тізімі болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматыда бірнеше адамды қағып кеткен автобустағы оқиғаға байланысты сұрақтарға жауап берді.

– Әрине, бұл трагедия. Жұмыс беруші жұмыс аймағын, жолаушыларды жүргізушіден тікелей бөлуді қамтамасыз етуі керек. Бүгінгі таңда әйелдер үшін қол жетімді кәсіптер өте жоғары кәсіби тәуекелге жатады.

Бір кездері Қазақстанда әйелдер жұмыс істемеуі керек мамандықтардың тізімі де болған. Қазір барлық мамандық қолжетімді. Жұмыс берушінің міндеті – қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл жай ғана жолаушылар болса да...

Алатын төлемі жағынан ол жәбірленуші сияқты алады. Егер жұмыс беруші қызметкерлерді сақтандырған болса, онда, әрине, оған тиісті төлем берілуі керек, - деді министр.

Еске сала кетейік, 22 желтоқсанда Алматыдағы "Қалқаман" аялдамасында автобус жаяу жүргіншілерді басып кетіп, 3 адам қайтыс болды. Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Кейін Алматыда үш адамның өлімімен аяқталған автобустағы жанжалдың видеосы тараған еді.