×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қырғызстанның туы ресми түрде өзгерді

26.12.2023, 11:47
коллаж ulysmedia.kz

Мемлекеттік туды өзгерту туралы заң күшіне енді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

"ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы " ҚР Заңы күшіне енді”, – деп жазды  “Эркин Тоо” газеті.

Қырғызстанның Мемлекеттік Туын өзгерту туралы заңды “Жоғарғы Кеңес” 20 желтоқсанда қабылдады және оған 22 желтоқсанда Президент Садыр Жапаров қол қойды.

Қабылданған заң Қырғыз Республикасының туындағы күн сәулесін иректен түзу сызыққа өзгертті.

Қырғызстан туы “Жогорку Кенештің” 1992 жылғы 3 наурыздағы қаулысымен бекітілді. Тудың ортасында түндік елде тұратын барлық халықтардың бірлігін білдірсе, ал қырық күн сәулесі біріккен қырғыз тайпаларын бейнелейді.

Естеріңізге сала кетейік, туды өзгерту идеясын Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қолдады, өйткені “ту күнбағысқа ұқсайды, сондықтан ел еңсесін тіктей алмай қойды” деген пікір болған. Сондай-ақ, бұл идеяны ҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев ұнатты.

Серіктес жаңалықтары