×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қостанайда жоғалған бала мен әйелдің мәйіті табылды

27.12.2023, 18:48
polisia.kz

26 желтоқсан күні таңертең Қостанай облысында қарлы боран кезінде жоғалып кеткен 56 жастағы әйел мен оның 11 жастағы немересінің мәйіттері табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қостанай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Мұз боп қатқан мәйіттер марқұмдар тұратын ауыл маңынан табылды, деп хабарлады Қостанай облысы ПД криминалдық полиция басқармасының іздеу бөлімінің басшысы Тілеуберді Нұрахметов.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, тергеу амалдары жүргізілуде.

1965 жылы туған әйел мен қыз бала Степной ауылынан тас жолға қарай бет алып, жолшыбай көлікпен Тобыл қаласына жетуді көздеген.

Оларды полиция, құтқарушылар, еріктілер іздестірді, сонымен қатар бүгін кинологтар да жұмылдырылды.

Қостанайда екі күннен бері боран соғып тұр. Облыста 114 елді мекен жарықсыз қалды, мектеп оқушылары қашықтықтан оқытуға көшті. 26 желтоқсан күні түс ауа 10 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды.

Қостанай облысында Қостомар ауылында шопан құтқарылды. Ұзынкөл ауданында – көлден екі балықшы құтқарылды. 24 адам тас жолдардан құтқарылды, 35 адам эвакуацияланды, 300-ден астам жолаушы жылыну орындарына орналастырылды, деп хабарлады облыс әкімдігіндегілер.

Серіктес жаңалықтары