×
$
447.52
€
502.21
₽
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.52
€
502.21
₽
5.41

Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты

Бүгін, 11:25
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
Алматы әкімдігі

Алматы әуежайында адам өліміне әкелген жазатайым оқиға болды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не белгілі?

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

– Қазір болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды, – деп хабарлады полиция Ulysmedia редакциясына.

Редакция әуежайдың баспасөз қызметіне де хабарласқан. Алайда материал жарияланған сәтте ресми түсінік бермеді.

Сізге қызық болуы мүмкін