×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Тоқаев жаңа жыл қарсаңында балалардың хатына жауап жолдады

29.12.2023, 16:13
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жыл қарсаңында балалардың өзіне жазған хатына жауап жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында еліміздің барлық аймағында "Тілектер шыршасы" орнатылады. Сол жерге балалар өз тілектерін жазып қалдырады. Биыл бұл жоба аясында мемлекет басшысының атына Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген хат келіп түскен.

"Соның ішінде көп балалы отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалардан 100-ден астам тілек жолданды. Бүлдіршіндер өз хаттарында велосипед, домбыра, компьютер, жазғы лагерьге жолдама және басқа да заттарды сыйлыққа алуды, тіпті Астанаға келіп, "Ақорда" резиденциясын аралап көруді сұраған", - дейді Ақорда.

Балалардың хаттарына жауап берген президент оларды жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ бұл ертегідей ерекше мереке екенін атап өтіп, бүлдіршіндерге өз атынан арнайы сыйлықтар жіберді. Мемлекет басшысы балаларды білімге құштар болуға, кітап оқуға, спортпен шұғылдануға, табиғатты аялауға және жақсылық жасауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары