×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Астана әуежайында 20-дан астам рейс кешіктірілді

29.12.2023, 18:34
Ашық дереккөзден

Қолайсыз метеожағдайлар Астана әуежайында ондаған рейстердің кешігуіне алып келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана әуежайының баспасөз қызметінің есептеріне сәйкес, 24 рейс келу кезінде қолайсыз метеожағдайларға байланысты кідіріске ұшырады. Төрт рейс қосалқы әуеайлаққа Қарағандыға, ал қалған екеуі Алматыға жөнелтілген.

Алматыдан келе жатқан рейстің қону әрекеті сәтсіз аяқталды. Қалыптасқан жағдайдың салдарынан азаматтық борт ұшу әуежайына оралуға мәжбүр болды.

Елордалық әуежайдан ұшу кезінде де қиындықтар бар. Ұшақтардың кеш келуіне байланысты 12 рейс кешіктірілді.

Әуе айлағының онлайн-таблосының деректері бойынша Алматыдан 8 рейс, сондай-ақ Шымкент, Ақтөбе, Семей, Өскемен және басқа да қазақстандық қалалардан рейстер кешіктіріледі. Сонымен қатар, Дубай мен Үрімшіден халықаралық рейстер кешіктірілді.

Серіктес жаңалықтары