×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қош бол, Ленин - Скриптонит туған ауылдың атауы өзгерді

30.12.2023, 13:14
Коллаж Ulysmedia

Скриптонит есімімен танымал Әділ Жәлеловтің туған жері - Ленин кенті енді Атамекен деп аталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Павлодар облыстық мәслихаттың VIII кезектен тыс сессиясында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы Медет Тауасқан бірлескен қаулы мен шешім жобасымен таныстырды.

«Бұл бірлескен қаулы мен шешім жобасы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңына сәйкес енгізілді. Елді мекендерді қайта атау мәселесі биыл 23 қарашада облыстық ономастика комиссиясының отырысында қаралып, оң қорытындыға ие болды»,  – деді басқарма басшысы.

Аталған актіге сәйкес Павлодар қаласының Ленин кенті – Атамекен кенті, Железин ауданының Озерное ауылдық округі мен ауылы –  Майлы, Тереңкөл ауданының Бобровка ауылдық округі – Жаңа бет, Федоровка ауылдық округі мен ауылы – Томарлы, Верненка ауылдық округі – Алтай ауылдық округі, Львовка ауылы – Алтай ауылы, Воскресенка ауылдық округі мен ауылы –  Әулиеағаш, Березовка ауылы Аққайың ауылы және Трофимовка ауылы Қоржынкөл ауылы болып қайта аталады.

Облыстық мәслихат елді мекендердің аталған атауларын бірауыздан қолдады. 

Бүгінде Скриптонит дүниеге келген ауылда 10 мыңнан астам адам, оның ішінде 20-дан астам ұлт және ұлыс өкілдері тұрады.

Серіктес жаңалықтары