×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Астана әуежайындағы әуре-сарсаң: 10 рейс тоқтатылды

31.12.2023, 09:56
Артём Чурсинов

31 желтоқсанда Астана халықаралық әуежайында 112 рейс жоспарланған. Бірақ қолайсыз ауа райына байланысты ондаған рейстер тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Әуежайдың ұшу-қону жолағындағы метеорологиялық жағдай әлі де күрделі. Қазір аэродромда ауа температурасы -3°С, желдің жылдамдығы 16 м\с, бұлтты, қар тығыз", - деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.

Қандай рейстер тоқтатылды:

LH 646 Астана-Франкфурт;

KC 7319 Астана-Қызылорда;

KC 956 Астана-Алматы;

KC 992 Астана-Алматы;

TK 355 Астана-Ыстамбұл;

IQ 407 Астана-Шымкент;

KC 345 Астана-Өскемен;

5W 788 Астана-Әбу-Даби;

KC 762 Астана-Алматы.

Контекст

Өткен түнде елордалық әуежайдан 2500 жолаушы қаладан шыға алмады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайы уақытша жабылды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты Астана халықаралық әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары