3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "ҚазАвтоЖол" АҚ-ға сілтеме жасап.
Ақмола облысында – бір учаске
"Екатеринбург-Алматы" 1292-1353 км. Жібек жолы ААП - Қарағанды облысының шекарасына дейін – 61 км. Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді (боран, шектеулі көрініс, көктайғақ).
Шығыс-Қазақстан облысында – 1 учаске
"Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" 105-123 км. Шемонаиха қаласынан РФ шекарасына дейін – 18 км. Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді (РФ ауа райының нашарлауына байланысты).
Қарағанды облысында – 3 учаске
"Екатеринбург-Алматы" 1353-1426 км. Ақмола облысынан - Теміртау ААП – 73 км.
"Екатеринбург – Алматы" 1445-1459 км. Теміртау қаласынан Қарағанды қаласына дейін – 14 км.
"Бастау-Ақтау-Теміртау" 0-53 км. Бастау ауылынан Теміртау қаласына дейін – 53 км.
Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді (шектеулі көрініс, екпінді жел, көктайғақ).
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 482 бірлік техника және 750 адам жұмылдырылды.