×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Республикалық маңызы бар жолдардың 5 учаскесінде шектеу енгізілді

31.12.2023, 14:53
ТЖМ баспасөз қызметі

3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "ҚазАвтоЖол" АҚ-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысында – бір учаске

"Екатеринбург-Алматы" 1292-1353 км. Жібек жолы ААП - Қарағанды облысының шекарасына дейін – 61 км. Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді (боран, шектеулі көрініс, көктайғақ).

Шығыс-Қазақстан облысында – 1 учаске

"Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" 105-123 км. Шемонаиха қаласынан РФ шекарасына дейін – 18 км. Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді (РФ ауа райының нашарлауына байланысты).

Қарағанды облысында – 3 учаске

"Екатеринбург-Алматы" 1353-1426 км. Ақмола облысынан - Теміртау ААП – 73 км.

"Екатеринбург – Алматы" 1445-1459 км. Теміртау қаласынан Қарағанды қаласына дейін – 14 км.

"Бастау-Ақтау-Теміртау" 0-53 км. Бастау ауылынан Теміртау қаласына дейін – 53 км.

Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді (шектеулі көрініс, екпінді жел, көктайғақ).

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 482 бірлік техника және 750 адам жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары