×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Спортқа бөлінетін млрд қайда - жас хоккейшілердің ата-анасы наразы

31.12.2023, 15:39
Спортқа бөлінетін млрд қайда - жас хоккейшілердің ата-анасы наразы
"Арлан" ХК

Көкшетауда жас хоккейшілердің ата-аналары шу шығарды. Мемлекет тарапынан 3 миллиард теңге алатын «Арлан» командасы жас хоккейшілердің жағдайына қарамайтын көрінеді. Бұл туралы Ulysmedia.kz  КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, спорт киімдерін де, жарысқа баратын бар шығынды да ата-аналар өз қалтасынан төлейді екен. Тіпті «Бурабай» спорт сарайындағы мұз айдыны аптасына үш-ақ рет берілетін болған. Оның өзінде балалар таңғы 5-тен тұрып жаттығуға мәжбүр.

«Арланның» басшылары қаражат жетпей жатқанын айтып ақталып отыр.

Балалар хоккей клубы мұз айдынында биыл соңғы рет жаттығады. Өйткені «Арлан» командасымен келісімшарт мерзімі аяқталады. Ал келер жылға мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқау ақпанға дейін созылуы мүмкін. Жас хоккейшілерге оған дейін ешкім мұз алаңын бермейді.

Бұл жаңалық ата-аналардың төбесінен жай түсіргендей болды. Жас спортшылар бұл «Бурабай»спорт кешеніне осыдан екі ай бұрын ғана келген. Бұған дейін жекенің жаңа мұз аренасын жалдапты. Өкінішке қарай ол ғимаратты «стандартқа сай емес» деп жауып тастаған. Аптасына үш рет жаттығуды азсынған ата-аналар енді одан да айырылайын деп тұр.

Мемлекеттен 3 миллиард теңге алса да, балаларды жейдесіз қалдырған «Арланға» ата-аналардың өкпесі қара қазандай.

 «Кәдімгі ойын формасы бар ғой, соның өзін ата-аналар сатып әпереді. Басқа облыстардағы клубтарды көрсең, киімдері жап-жаңа, жейдесінің арқасында есімі жазылған, әп-әдемі. Біздің балалардың жейдесінің жеңі де, етегі де шолтиып қалды. Екі жылдан бері киіп жүрді. Сосын сатып әпердік. Коньки, шайбаны да өзіміз сатып алдық», - дейді ата-ана Асқар Құрманов.

«Арлан» жеке клубы бюджеттен берілген 3 миллиард үш жылға аз дейді.

 «Біріншіден, ақша мүлдем жетпейді. Мұзды жалға аламыз. Киім-кешекпен қамтамасыз етуге қаражат жоқ. Тендерден алған 54 миллион осы балалар хоккейіне бағытталған. Оның 24 миллионын мұзды жалдауға бердік. Енді келесі байқау өткенше уақыт керек. Сондықтан балалар жаңа жылдан бастап мұзға шыға алмайды. Жалға төлейтін ақша керек», - дейді «Арлан» хоккей клубының басшысы Денис Гайдаев.

Мұз айдынын жалдауға қаражат жоқ. Ал аптасына бес рет жаттығуды сұрап жүрген балалар хоккей клубы қаңтардың бесінде Ресейге жарысқа баруды жоспарлап қойыпты.