×
$
450.91
522.69
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.91
522.69
5.33

«Елге барғым келеді»: Рыбакина жеңістен кейін қазақстандықтарға үн қатты

Бүгін, 15:01
«Елге барғым келеді»: Рыбакина жеңістен кейін қазақстандықтарға үн қатты

Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі жеңісінен кейін Қазақстанға келіп, тарихи жетістігін жанкүйерлерімен бірге атап өткісі келетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Теннисшінің баспасөз мәслихатындағы бір сәтті The Tennis Letter басылымы жариялады.

Рыбакина кетуге ыңғайланып тұрған кезде одан қазақстандық журналистің тағы бір сұрағына жауап беруін сұраған.

Журналист спортшыдан финалды көріп, оған жанкүйер болған қазақстандықтарға не айтқысы келетінін сұрады.

– Маған сеніп, қолдау білдірген барша жанкүйерге үлкен рақмет айтқым келеді. Әзірге елде емеспін, бірақ Қазақстанға баруды жоспарлап отырмын. Осы қуанышты мені қолдап, матчты тамашалаған барлық қазақстандықпен бірге бөліскім келеді, – деді Рыбакина.

Теннисші әсіресе спорттың осы түріне қызығып жүрген балаларға тоқталды.

– Қазір теннис орталықтарына келетін балалар өте көп. Бәрінің теннис ойнағысы келеді, бұл – керемет. Еліміз үшін маңызды осы жетістікті бірге атап өтейік, – деді ол.

Тарихи жеңіс

US Open финалында Рыбакина Арина Соболенконы жеңіп, мансабында алғаш рет АҚШ-та өтетін «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы атанды.

Бұған дейін оның Нью-Йорктегі ең үздік нәтижесі төртінші айналымға дейін жету болатын.

Финалды көптеген әлем жұлдыздары тамашалады. Трибунада Брэд Питт, Пэрис Хилтон, Ирина Шейк, Пинк, Эми Адамс, Элизабет Бэнкс, Рами Малек, Эндрю Гарфилд және басқа да танымал тұлғалар болды.

Жеңісі үшін Рыбакина 5,5 миллион доллар, яғни 2,4 миллиард теңгеден астам сыйақы алды. Бұл – кәсіби теннис тарихында бір турнир үшін берілген ең ірі жүлде.