×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Кім кінәлі - Қарағанды облысында ірі жол апаты тіркелді

02.01.2024, 15:56
polisia.kz

Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысында болған ірі жол апаты жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл оқиға бүгін сағат 13:20 шамасында "Алматы-Екатеринбург" тас жолында болған. Ауа райының қолайсыздығынан 7 бірдей көлік соқтығысты. Ресми мәліметке сәйкес, зардап шеккен адамдар жоқ.

"Аталған автокөліктер жолды жаппай тұрғанда Астанадан Қарағандыға қарай өтіп кеткен. Ошағанды кентінің маңында жолдың көрінбеуі салдарынан көліктер бір-біріне соғылған", - дейді полицейлер.

Полиция көлік жүргізушілерден алыс жолға шықпауды сұрайды.

Айта кетерлігі, бүгін ауа райының қолайсыздығы салдарынан 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 17 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Серіктес жаңалықтары