×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісі күрт арзандап кетті

03.01.2024, 17:49
Ашық дереккөзден

Американдық миллиардер және кәсіпкер Илон Маск  2022 жылдың қазан айында X әлеуметтік желісі (бұрынғы твиттер) сатып алғаннан бері желі өз құнының 71%-нан астамын жоғалтыпты. Бұл туралы Ulysmedia.kz Business Insider басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Fifelity компаниясының мәлімдеуінше, X компаниясы қазір Маск сатып алған кездегіден 71,5%-ға арзан. Маск сол кезде "Twitter" деп аталатын компанияны сатып алу үшін 44 миллиард доллар төлеген болатын.

Сондай-ақ, Fidelity компаниясының өкілі басылымға компания жеке компанияларға немесе өз қорларының инвестициялық шешімдеріне түсініктеме бермейтінін айтып өтті. Инвестициялық қорлардың алыбы X-тің үлесіне ие, бірақ Маск компанияны сатып алғаннан кейін оның құнын айтарлықтай арзандатты.

"Мамыр айында Fidelity X-ті небәрі 15 миллиард долларға бағалады, бұл Маск төлеген соманың үштен бірін құрайды", - деп хабарлады Bloomberg.

Бұдан басқа, шілде айында Маск X хабарламасында компания жарнамасының үлкен құлдырауына байланысты қаржылық жағдайы ауыр екенін ескертті.

"Бізде жарнамадан түсетін кірістің 50%-ға төмендеуіне және үлкен қарыз жүктемесіне байланысты әлі де теріс ақша ағыны бар", - деп түсіндірді Маск өзінің жазбасында.

Серіктес жаңалықтары