×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Каспий құбыр консорциумы Қара теңізден рекордты көлемде мұнай жөнелтті

05.01.2024, 07:48
КҚК баспасөз қызметі

Каспий құбыр желісі консорциумы өткен жылы Қара теңіздегі терминалынан рекордтық көлемде 63,5 миллион тонна мұнай жөнелтті. Бұл бір жыл бұрынғыдан 4,8 миллион тоннаға көп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылы Каспий құбыр желісі консорциумы теңіз терминалында 63 473 894 тонна мұнай жөнелтілді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4 762 749 тонна мұнайға артық және Каспий құбыр консорциумы тарихындағы ең жоғары көрсеткіш", - деп жазылған хабарламада.

Компанияның мәліметінше, бірнеше рет танкерлерге мұнай тиеудің тоқтатылуына себеп болған қараша-желтоқсан айларындағы қолайсыз ауа райына қарамастан, 2023 жылы 578 танкерге мұнай тиелген.

Бір жыл бұрын да консорциум мұнай жөнелтуді толығымен тоқтатып, кейін ішінара жалғастырды. Жыл қорытындысы бойынша 2021 жылғы деңгейге жетті.

Каспий құбыр консорциумы – Қазақстаннан әлемдік нарықтарға мұнай экспорттайтын негізгі бағыт және оның үлесіне мұндай жеткізілімдерінің 70-80%-і тиесілі.

Серіктес жаңалықтары