×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Антикор «адам ұрлаған алаяқтар» деп төрт күдіктінің суретін жариялады

05.01.2024, 11:42
антикор

Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратура тергеуді анықтағаннан кейін А.Е. Әшімов, А.В. Алексеев, Н.Н. Шаймарданов және А.Н. Бапановты әшкерелеген. Антикор олардың алдын ала сөз байласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырғанын, азаматты ұрлаумен қатар, есірткі заттарын сақтап және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп бопсалағанын хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz

Құзырлы орган олардың 1,4 млн теңгеден астам сома мүлкін иемденгенін жазады.

– Топтың барлық қатысушысы соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта олардың ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Осы адамдардың құқыққа қайшы қызметі туралы ақпаратыңыз болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Күдіктілердің суретін жариялаған антикор қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын, кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептелетінін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары