×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда жемқорлардың ақшасына қанша мектеп салынды

05.01.2024, 14:46
gov.kz

Қазақстанда 2023 жылдың қорытындысы бойынша жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынған 43 мектеп ашылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

"Осылайша, елімізде үш апатты және 13 үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді. Өңірлерде жаңа білім беру нысандарын іске қосу нәтижесінде тағы 54,4 мың жаңа оқушы орны пайдалануға берілді. Атап айтсақ, Алматы және Түркістан облыстарында – 8 мектептен, ал елордада – 10 мектеп", - делінген хабарламада.

"Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры" есебінен барлығы 76 738 оқушыға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Жобалардың жалпы сомасы 96 млрд теңгеден асады. Қаражат жергілікті атқарушы органдардың шотына түскен.

Министрлік қордың қызмет ету мерзімі ішінде 150 млрд теңгеден астам қаражат түскенін атап өтті. Олар мектептерді, қосымша ғимараттар мен интернаттарды қайта жаңартуға, сондай-ақ үш ауысымды оқыту, апатты мектептер мәселесін шешуге және оқушы орындарының тапшылығын жоюға жұмсалған.

Серіктес жаңалықтары