×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Биыл қазақстандық спортшылар қандай додаларға қатысады

06.01.2024, 09:39
Биыл қазақстандық спортшылар қандай додаларға қатысады
Ашық дереккөзден

Туризм және спорт министрлігі жаңа жылда өтетін негізгі спорт жарыстарын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Екі аптадан кейін Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы басталады. Оған Қазақстан спортшылары да қатысады. Қазіргі кезде ел құрамасында 5 спорт түрінен 30 жолдама бар. Олимпиада 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді.

Биылғы жылдың басты оқиғасы – Париждегі жазғы Олимпиада ойындары. 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін додаға әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 20 түрінен жарысқа түседі. Бүгінгі таңда жерлестерімізде спорттың 8 түрінен (садақ ату, велошоссе, оқ ату, қазіргі бессайыс, грек-рим күресі, еркін күрес, спорттық гимнастика және бокс) 17 лицензия бар. Алда әлі 90-ға жуық лицензиялық жарыс күтіп тұр. Сондықтан жолдамалар саны әлі де көбеюі мүмкін.

Қазақстан үшін жылдың маңызды тарихи оқиғасы – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Жарыс алғаш рет Астанада ұйымдастырылады.

Қазақстанға әлемнің 100-ден астам елінен делегациялар келеді деген жоспар бар. Бағдарламаға 20 жарыстық және 10 көрнекі спорт түрі (ат спорты, ұлттық күрес, садақ ату, құстармен аң аулау түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар) кіріп отыр. 110 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында өтеді.

Бұдан бөлек, Астанада әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты ұйымдастырылады. Турнирдің жалпы жүлде қоры 4,8 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Әлем чемпионы атанған боксшы 200 000 АҚШ долларын алады.

Сондай-ақ 2024 жылдың қарашасында Астана қаласында самбодан әлем чемпионатын өткізу жоспарланған.