×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Жапониядағы жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 100-ге жетті

06.01.2024, 16:43
Kyodo

Жапонияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 100 адамға дейін өсті. Бұл туралы премьер-министр Фумио Кисида мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Тағы 211 тұрғын хабар-ошарсыз кеткендердің тізімінде.

Құтқару топтары бұзылған жолдардан шалғай аудандарға әрең жетіп жатыр. Салдарынан азық-түлік пен суды эвакуациялық орталықтарға жеткізу қиындап тұр. Қанша шығын келгені әлі белгісіз.

Жапонияның орталық бөлігінің тұрғындары әлі күнге дейін жарықсыз және сусыз отыр. Ал жүздеген адам көшкін салдарынан және жолдардың бітелуіне байланысты гуманитарлық көмек ала алмай жатыр.

Жапон метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі Вадзима қаласынан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 30 шақырымдай жерде болған. Тереңдігі – 16 шақырымды. Бұл – елдің сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша максималды 7 магнитудасы. Мұндай магнитудалық жер сілкінісі соңғы рет 2018 жылы Хоккайдо қаласында тіркелген.

Серіктес жаңалықтары