×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Өткен тәулікте құтқарушылар 43 адамды құтқарды

07.01.2024, 12:59
ТЖМ баспасөз қызметі

Өткен тәулікте құтқарушылар 43 адамды әртүрлі жағдайда құтқарды, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштеріне 152 қоңырау түскен. Оның 73-і өрт пен жану оқиғалары, 79-ы іздестіру, авариялық-құтқару бойынша тіркелген.

Бұл ретте 43 адам құтқарылып, эвакуацияланған.

"ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады. Абай болыңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды!", - делінген ТЖМ хабарламасында. 

Серіктес жаңалықтары