×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстандағы ең қымбат футболшылар кімдер

07.01.2024, 17:22
sports.kz

Transfermarkt футбол порталы еліміздегі ең қымбат футболшылардың аты-жөнін жариялады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Тізімнің көш басында Қазақстан ұлттық құрамасы мен шымкенттік «Ордабасы» клубының капитаны, жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген тұр. Оның бағасы - 900 мың еуро.

Екінші орында  800 мың еуроға бағаланған «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы Максим Самородов. 

Ұлттық құрама шабуылшысы, «Астана» сапындағы Абат Айымбетов 800 мың, «Ордабасы» клубының футболшысы Темірлан Ерланов  700 мың еуроға бағаланған.

Ал бағасы 600 мың еуро деп көрсетілген футболшылар тізіміне Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада мен Сергей Малый («Ордабасы») енді.

Бұған дейін Forbes журналы әлемнің ең қымбат футбол клубтарының тізімін жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары