×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Әшімбаев талғамы жоқ кездейсоқ адам - Мағауин

09.01.2024, 10:18
Коллаж Ulysmedia

Қазақстанның Халық  жазушысы Мұхтар Мағауин еліміздегі әдеби сынның кем дегенде 50 жылға артта қалғанын, студенттер, ауылдағы қарапайым тұрғындар сүйсініп оқыған "Көк мұнар" романын қабылдауға әдебиетшілер мен сыншылардың миы жетпегенін алға тартты. Жазушы олардың қатарында Сағат Әшімбаевтың болғанын айтты, деп жазады Ulysmedia.kz “Халық үні" youtube арнасына сілтеме жасап.

“Көк мұнар” – Мұхтар Мағауиннің алғашқы романы. 1972 жылы, яғни жазушы 30-31 жаста болғанда жарық көрген.

“Жазылмай қалған дүниелер көп. Есесіне, жазу мүмкін емес дүние жазылды. Шыңғыс ханды жазу мүмкін емес. Бірақ мен бұл тақырыпты алғаш рет “Көк мұнар” романында қаузадым. Басты кейіпкер Едіге ғылым жолына түсіп, ескі қыпшақ тарихы туралы роман жазады ғой. Бәрін астарлап берген едім. Ешкім байқаған жоқ. Өтіп кетті. Ол эксперименттік роман болатын. Жүз күнде жазылды”, – дейді Мағауин.

Романды оқырмандар, әсіресе, жастар жақсы қабылдаған. Тіпті, бір аптаға жетпей 57 мың тираж өтіп кеткен. 

“Сыншыларға, әдебиетшілерге түрпідей көрінді. Түгелдей жамандады. Бәйбішем “көре алмағаннан” дейді. Шын мәнінде ол көреалмаушылықтан емес. Олардың түсінігі сондай. Студенттердің, ауылдағы қарапайым оқырмандардың миы жетті. Біздің сыншылардың, әдебиетшілердің миы жеткен жоқ. Себебі, олардың жазу жөніндегі өздерінің ұғымы бар. “Алай болу керек, былай болу керек” деген. Ол өлшемге келмейді. Сағат Әшімбаевтың талғамы жоқ кездейсоқ адам болатын. Филфакқа мен түсіргем оны”, – дейді М.Мағауин.

Сағат Әшімбаев 1947 жылы Алматы облысы Райымбек ауданында дүниеге келіп, 1991 жылы қайтыс болды. Әдебиеттанушы, сыншы, тележурналист, жазушы және қоғам қайраткері. Ол  – парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаетың әкесі.

Серіктес жаңалықтары