×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Коронавирус өршіп барады: Қазақстанда маска тағу міндеттеле ме

09.01.2024, 10:56
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл сұраққа үкіметтің баспасөз орталығында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Шындығында, коронавирус инфекциясы жыл бойы жүруі мүмкін. Біз оны ай сайын тіркейміз. Басқа аурулары бар адамдар оны өте ауыр өткереді, ауруханаларға түсіп жатады. Бұл негізінен қарттар. Тәуекел тобы үшін – созылмалы аурулары бар науқастар, әсіресе тыныс алу органдарының аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары бар, сондай-ақ қарттар үшін біз ревакцинациядан өтуді ұсынамыз. Өткен жылы 350 мың адам егілді, биыл біз бюджет есебінен 350 мың адамды егуді жоспарлап отырмыз, – деді Ажар Ғиният.

Оның сөзінше, маска тағу-тақпауға тек кеңес беріледі – ешкім міндеттелмейді.

– ЖРВИ маусымы қалай басталады, қазан айынан мамыр айының соңына дейін бас санитарлық дәрігердің қаулысымен бетперде киіп, осы аурулардың алдын алу ұсынылады, ал медициналық ұйымдарда Маска режимі енгізілуі керек. Бұл ұсыныс, – дейді ол.

“Маска тағу міндеттемесін қайтарыла ма?” деген сұраққа Ғиният “жоқ, тек кеңес беріледі” деп жауап берді.

Серіктес жаңалықтары