×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда баспана сатып алғандардың үлесі қандай

10.01.2024, 17:34
Коллаж Ulysmedia

Өткен жылдың желтоқсан айында елімізде тұрғын үйді сату бойынша мәміле саны 19,2% өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылдың желтоқсан айында тұрғын үйді сатып алып-сату бойынша 37 818 мәміле жасалған.

Оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 238 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 29 580 мәміле жасалыпты.

"Мәмілелер саны бойынша бұрынғысынша Алматы (7594 – 20,1%) және Астана (7157 – 18,9%) қалалары, сонымен қатар Қарағанды облысы (2946 – 7,8%) көш бастап тұр", – делінген бюро хабарламасында.

2023 жылдың желтоқсанында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері 2022 жылдың тиісті айымен салыстырғанда 12,6%-ға көбейген. Ол кезде 33 587 мәміле ресімделген болатын.

Серіктес жаңалықтары