Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағының (FIFA) тәртіптік кеңесі Қазақстанның 7 командасын жазаламақ. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
Тәртіптік кеңес командалардың ойыншы сатып алу трансферіне шектеу қоймақ. Себебі ұйымға командаларға қарсы арыз-шағым түскен.
“Футболдың басты ұйымы жаңа ойыншыларды қатарына қоса алмайтын клубтардың тізімін жариялады. Бұл тізімде Қазақстан көшбасшылардың қатарында. Тіпті Үндістан, Иран және Ирактан жоғары тұр”, - деп жазды журналист.
Қазақстандық клубтарға түскен арыз-шағымдар тізімі:
"Қайсар" - 1
"Оқжетпес" - 1
"Ақсу" - 2
"Тараз" - 4
"Шахтер" - 5
"Каспий" - 7
"Тұран" - 8
Естеріңізге салсақ, Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов легионерлер лимитінің жойылғанын хабарлаған болатын.