×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

FIFA Қазақстанның 7 футбол клубына жаза қолданады

12.01.2024, 15:09
sports.kz

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағының (FIFA) тәртіптік кеңесі Қазақстанның 7 командасын жазаламақ. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Тағы да оқыңыздар

Тәртіптік кеңес командалардың ойыншы сатып алу трансферіне шектеу қоймақ. Себебі ұйымға командаларға қарсы арыз-шағым түскен. 

“Футболдың басты ұйымы жаңа ойыншыларды қатарына қоса алмайтын клубтардың тізімін жариялады. Бұл тізімде Қазақстан көшбасшылардың қатарында. Тіпті Үндістан, Иран және Ирактан жоғары тұр”, - деп жазды журналист. 

Қазақстандық клубтарға түскен арыз-шағымдар тізімі: 

"Қайсар" - 1

"Оқжетпес" - 1

"Ақсу" - 2

"Тараз" - 4

"Шахтер" - 5

"Каспий" - 7

"Тұран" - 8

Естеріңізге салсақ, Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов легионерлер лимитінің жойылғанын хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары