×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Жапонияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге уақытша баспана салынуда

12.01.2024, 17:13
Kyodo

Жапония билігі елдің орталық бөлігінде магнитудасы 7,6 балдық жер сілкінісінен тұрғын үйлері зардап шеккендерге уақытша баспана салуға кірісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  Kyodo News ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Исикава әкімшілік бөлігінің үкіметі Вадзима мен Судзуда 115 уақытша үйдің құрылысын бастап, оны бір ай ішінде аяқтауды мақсат етті.

Жалпы, уақытша тұрғын үйлер дәретханалармен, жуынатын бөлмелермен және ас үйлермен жабдықталған құрастырмалы немесе ағаштан жасалған бір қабатты үйлер болып табылады. 

Сонымен қатар, елдің әкімшілік бөлігі Ното және Анамидзу қалаларында 60 уақытша тұрғын үй құрылысын бастауды жоспарлап отыр.

Табиғи апат кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету туралы заңға сәйкес, жергілікті билік уақытша баспананы екі жылға дейін немесе зардап шеккендер балама баспана тапқанша тегін түрде береді.

Айта кету керек, зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 215 адамды құрады. Олардың ішінде 10 адам денсаулығының нашарлауынан, кейбір жағдайларда эвакуация кезіндегі күйзеліске байланысты көз жұмды деп болжанып отыр.

Бұдан басқа, 37 адам із-түзсіз жоғалып, эвакуацияланғандар саны 24 038 адамға дейін жетті.

Жапон метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі Вадзима қаласынан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 30 шақырымдай жерде болған. Тереңдігі – 16 шақырымды. Бұл – елдің сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша максималды 7 магнитудасы. Мұндай магнитудалық жер сілкінісі соңғы рет 2018 жылы Хоккайдо қаласында тіркелген.

Серіктес жаңалықтары