×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

АҚШ пен Ұлыбритания Йеменге тағы да шабуыл жасады

13.01.2024, 09:07
РИА Новости

Қос мемлекеттің әскерилері Йемен астанасына жаңа әуе соққысын жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жойқын жарылыстар

РИА Новостиге Сана әкімшілігіндегі дереккөздің хабарлауынша, бұл жолы әуе соққысы қаланың солтүстік бөлігіне бағытталған.

Al Manara телеарнасының хабарлауынша, Сана мен Ходейда провинциясының бірнеше аймағында бірнеше күшті жарылыс болды. Бомбалау нысаналарының арасында Әл-Дейлами әуе базасы, Ходейда әуежайы, жағалаудағы радарлар мен бақылау нүктелері болған.

Байден ашулы

Байден бұған дейін хуситтер Қызыл теңіздегі шабуылдарын тоқтатпаса, оларды бомбалауды жалғастыруға уәде берген.

12 қаңтарда АҚШ пен Ұлыбританияның Йемендегі хуситтерге қарсы әскери операция бастағаны белгілі. Зымыран соққылары ұшақтардан, жер үсті кемелерінен және суасты қайықтарынан "Томагавк" қанатты зымырандарын қолдану арқылы жасалды.

Кек

Кейінірек Йемен елге жасаған шабуылдары үшін АҚШ пен Ұлыбританиядан кек алуға уәде берді.

Серіктес жаңалықтары