×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда бедеулік диагнозымен 21 мыңнан астам отбасылық жұп бар

13.01.2024, 11:58
Қазақстанда бедеулік диагнозымен 21 мыңнан астам отбасылық жұп бар
иллюстрациялық сурет

Қазақстанда әрбір алтыншы жұп бедеулікке шалдыққан, деп жазады Ulysmedia.kz.

45-46 пайызы ер адамға қатысты

“Айқын” газетіне берген сұхбатында репродуктолог, І санатты акушер-ги­неколог Баян Дүйсенова бедеулікке түрлі жағдай се­беп болуы мүмкін екенін айтты. 

«Ерлі-зайыптылардың қабыну ау­руына шалдығуы, төсек қаты­на­сына ерте жастан түсуі, түсік жасату, туа­бітті ақаулар мен экологиялық ауыр жағдайлар да бедеулікке әкелуі мүмкін. Тіпті, оң жақта отырған қыз ба­л­алардың цикл бұзылыстарына да көңіл бөлу қажет. Дер кезінде маманға қаралып, сауатты шешімдер қабылдау – өз денсаулығына жауапкер­ші­лік­пен қарау дегенді білдіреді. «Тұрмысқа шыққан жоқ» деп қыздардың ги­некологқа бармауы да кері әсер ету­ші фактор. «Басың жас, әлі де кө­те­ресің» деп уақыт созуға да бол­май­ды. Ең басты ескеретін жайт – бе­деу­лік әйел адамға ғана қатысты емес, 45-46 пайызы ер адамға қатысты бо­­лады. Негізінде, бізге келген әр от­­ба­сының өз тарихы, өзіндік қиын­дығы болады. Шыны сол, қазақы мен­талитетіміз шығар, көбіне кінәні әйелден іздеуге бейімбіз. Шын мә­нін­де, мәселе екі жақтан да болуы мүм­кін, соны ескере бермейтініміз өкі­­­нішті», – дейді маман.

Жасанды ұрықтандыру

Әлеуметтанушы-ғалымдар Қа­зақ­станда сәби сүйе алмағандықтан, әрбір алтыншы отбасының ажырасып тынатынын алға тартып отыр. Әрине, жа­санды жолмен сәбилі болу про­це­дурасын кез келген отбасының қал­та­сы көтермей жатады. Жасанды ұрықтандыру қыз­ме­ті­нің орташа құны 1 миллион теңгенің ша­масында бағаланады екен. ЭКО жаса­ту­ға алғашқы талпыныстары сәтті шықпай, қолын сілтегендер  де бар. 

 «Аң­саған сәби» бағдарламасы жыл сайын ел бойынша 7 мың бүлдір­шіннің өмір есігін ашуына ықпал етуде.

Бағдарлама ая­сында ЭКО қызметін Қазақстандағы 19 ірі медициналық орталық әлеу­мет­тік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы көрсететінін атап өткен жөн.

50 жастан асқандар балалы бола ала ма

Баян Дүйсе­но­ваның ай­туын­ша,  50 жастан кейін тіп­ті ЭКО кө­мегімен балалы болу оқи­ғасы өте си­рек кездесетін құбы­лыс.

«Қазір әйел адамдардың арасын­да климакс «жа­сарып» барады. Егер бұрын кли­макс 44-58 жаста баста­латын болса, қа­зір ол 37-38 жаста-ақ тір­келіп жа­та­ды. Осындай құбы­лыс­пен бетпе-бет келген емделу­ші­лерім­нің арасын­да 29 жастағы әйел адам да бар», – дейді маман. 

Сондықтан да мамандар әйел­дер­ге де, ерлерге де денсаулығын жас­тайы­нан күтуге, дұрыс тамақтануға, са­­ламатты өмір салтын ұстануға, қан­­дай ма бір проблемалар туындаған жағ­дайда ертерек мамандардың кө­мегіне жүгінуге шақыруда.