×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қаңтар қасіреті: 1396 адам қылмыстық істер бойынша сотталды

13.01.2024, 14:28
Қаңтар қасіреті: 1396 адам қылмыстық істер бойынша сотталды
TIMUR NUSIMBEKOV

Бас прокуратура қайғылы оқиғалар кезінде 2 960 қару ұрланғанын, оның мыңнан астамы табылғанын хабарлады. Қарудың қалған бөлігін іздеу жалғасуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомствода тергеу әлі аяқталмағанын айтты.

"Қаңтар оқиғаларын тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатқанын хабарлаймыз. Осыған байланысты ҚР ҚІЖК 201-бабының талаптарына сәйкес мәліметтер жария етілмейді. Қаңтар оқиғасына қатысы бар екені туралы жеткілікті дәлелдер алынған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі таңда 1 396 адам сотталды", - деді бас прокуратура.

574 адам жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны және ұйымдастырғаны үшін сотталған. Оның ішінде 12 адамға жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін жаза кесілген.

Бұған дейін Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда алаңда ту көтерген, кейін басына оқ тиіп, ауыр жарақат алған белсенді Берік Әбішевке екі жылға жуық уақыттан бері 11 рет ота жасалғанын жазған едік.