×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстан Баку бағытында мұнай экспортын 5,5 есеге арттырды

15.01.2024, 09:27
Ашық дереккөзден

2023 жылы қазақстандық мұнайды Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемі 3 млн 376 мың тоннаны құрады. Бұл - 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млн 108 мың тоннаға артық, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "ҚазТрансОйл"компаниясына сілтеме жасап.

Тасымал көлемі неліктен артты?

Ақтау портынан қазақстандық мұнайды экспортқа тасымалдау көлемінің ұлғаюы "Баку – Тбилиси – Джейхан" мұнай құбыры бағытында жөнелтілетін шикізат көлемінің 250 мың тоннадан 1 млн 392 мың тоннаға дейін өсуіне байланысты, дейді мамандар. Бұл – 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5 есеге көп. Атап айтқанда, тек Теңіз кен орнынан осы бағыт бойынша 1 млн 057 мың тонна мұнай жөнелтіліпті.

Сондай-ақ, жыл қорытындысы бойынша Ақтау портынан Махачкала портының бағыты бойынша 1 млн 984 мың тонна мұнай жөнелтілген.

Ресейге балама дәліз іздеу

Естеріңізге сала кетейік, Каспий теңізі арқылы Әзірбайжанға және одан әрі "Баку – Тбилиси – Джейхан" жүйесі арқылы мұнай жеткізу болашақта Ресей Федерациясы арқылы жеткізуді қысқарту нұсқаларын іздейтін Қазақстаннан мұнай экспорты үшін негізгі тармақтардың бірі болуы тиіс. Ресейдің баламасын іздеудің себебі – Еуропаға Қара теңіз арқылы келетін Новороссийск терминалына бірнеше рет жасалған шабуылдар.

Президент тапсырмасы

2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдауды ұлғайтуды тапсырды. "ҚазМұнайГаз" және Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы SOCAR деректеріне сәйкес жылына 1,5 млн тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісімге қол қойды. Бакуге мұнай төрт кен орнынан келеді: Тенгиз, Дунга, Бозашы түбегі және Қашаған.

Мұрағат

Естеріңізге салсақ, Каспий құбыр консорциумы Қара теңізден рекордты көлемде мұнай жөнелткен болатын.

Серіктес жаңалықтары