Ұялы байланыс операторларына сапасыз байланыс қызметтерін ұсынғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2023 жылы 782 тексеру жүргізілгенін және 3 млрд 288 млн теңге сомасында айыппұл салынғанын хабарлады.
Кім және қанша төледі
Заңнамада көзделген жеңілдіктерді ескере отырып мобильді операторлар 1 млрд 644 млн теңге төлеген:
Tele2 – 751,4 млн теңге;
Kcell – 563,2 млн теңге;
Beeline – 329,4 млн теңге.
Естеріңізге салсақ, цифрлық даму министрі Бағдат Мусин байланыс сапасы нашар болған кезде байланыс операторлары клиенттерге абоненттік төлемдерін қайтаруды ұсынған болатын.
Бұған дейін Мусин Қазақстан не себепті +997 телефон кодынан бас тартқанын айтқан еді.