×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Байланыс сапасы нашар болса, оператор клиентке абоненттік төлемді қайтарады – Мусин

30.12.2023, 18:38
Коллаж Ulysmedia

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин байланыс сапасы нашар болған кезде байланыс операторлары клиенттерге абоненттік төлемдерін қайтаруды ұсынды. Бұл туралы министрі өзінің Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мусин кеше Оразақ ауылында ауыл тұрғындарымен, жергілікті әкімдік және байланыс операторлары өкілдерімен кездесу өткізді. Тұрғындар байланыс қызметінің сапасыздығын айтып шағымданды.

Айта кетейік, байланыс қызметтерін сапасыз ұсынғаны үшін операторларға 5 млн теңгеден астам айыппұл салынады. Ал операторлардың өздерінің айтуы бойынша бір базалық станцияны жаңғыртуға 15-20 млн теңге шегінде инвестиция қажет.

"Мен ұялы байланыс операторларын кезекті рет айыппұл төлеудің орнына, қолда бар базалық станцияларды жаңғыртуға және айыппұл төлеу сияқты жүйелі шығындарындың орнына жаңа базалық станциялар орнатуға шақырдым", - деп жазды министр.

Кездесу қорытындысы бойынша министр сапасыз байланысты тіркеген кезде мемлекетке төленетін айыппұлға қосымша операторлар клиенттерге 3-6 ай үшін абоненттік төлемді қайтаратын норманы бекітуді ұсынды.

"Бұл норма бойынша азаматтарымызға көрсетілген сапасыз қызметі үшін байланыс операторларының өтемақы төлеуіне бағытталған. Осылайша, азаматтар қолайсыз деп саналатын қызметтер үшін абоненттік төлемді қайтара алатын болады", - деп түйіндеді Мусин.

Бұған дейін Мусин Қазақстан не себепті +997 телефон кодынан бас тартқанын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары