Халықаралық қорға қанша қаражат жиналғанын сенатта «Халықаралық қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы айтып берді.Халықаралық қорға қанша қаражат жиналғанын сенатта «Халықаралық қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Айта кетейік, сенатта бүгін QAZAQ OXFORD DICTIONARY сөздігінің тұсаукесері өткен. Қазақ-ағылшын сөздігі таныстырылды. Рауан Кенжеханұлы сөз арасында QAZAQ TILI Endowment Qory халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық қорына бірінші болып өз қалтасынан жарна салған – мемлекет басшысы дейді.
– Кәсіпкерлер бар, орта бар – соған үн қосып, қазірдің өзінде бір жарты млрд теңгедей қаражат жиналып қалды. Ондағы ойымыз – ол қаражат жұмсалмайды. Ол басқарылады. Сол арқылы күнделікті қызметімізге, түрлі жобаларға негіз болатын бір қор болса деген ой. Ол біздің ойдан шығарған нәрсе емес, дүниеде бар нәрсе, - дейді ол.
Түркияда тіл қоры бар. Тарих қоры да жұмыс істейді. Испаниядағы «Сервантес», Қытайдағы «Конфуций», Ресейдегі «Русский мир» институттары осы үлгіде қызмет атқарады.
– Сондықтан, біз осы тәжірибені Қазақстанға да енгізуге таппыныс жасап жатырмыз, - дейді Кенжеханұлы.