×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Думан Мұхамедкәрімге ісімен танысуға уақыт бермей отыр - әкесі

15.01.2024, 15:32
Думан Мұхамедкәрімге ісімен танысуға уақыт бермей отыр - әкесі
Коллаж Ulysmedia

 Ulysmedia.kz порталына хабарласқан журналист Думан Мұхамедкәрімнің әкесі Алмас Тілепов тергеу органы іспен танысуға уақыт бермей отырғанын мәлімдеді.

Алмас Тілеповтің айтуынша, іспен танысуға екі күн ғана берілген. Ал түрмедегі журналистің өзіне іс материалдары әлі жетпеген.

– Думанның ісі бойынша тергеу аяқталып, іспен танысуға екі күн ғана беріліп отыр. Электронды нұсқасын бүгін ғана шығардық. 7 томнан тұратын істің бір томы ғана 180 беттен тұрады. Іспен танысу үшін екі күн аз. Тергеушілер Думанға істі қағаз шығарып, апарып бермеген. Адвокаты Ғалым Нұрпейісов іспен танысу үшін соттан 10 күн сұраған. Алайда ол өтінішті қанағаттандырмады. Бізге бұлар «іспен таныссаңдар, танысыңдар, таныспасаңдар қойыңдар» деп қысым жасап отыр, - деді Алмас Тілепов.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Думан Мұхаммедкәрімнің адвокаты Ғалым Нұрпейісов тергеудің әлі аяқталмағанын мәлімдеді. Сәйкесінше, сот журналисті қамауға алуды тағы бір айға ұзарту туралы шешім шығарды.

22 маусымда Думан Мұхаммедкәрім тергеу сотының шешімімен екі айға қамауға алынды. Сот шешімін шығарған кезде адвокат болған жоқ. Кейін журналист Талдықорғанның тергеу изоляторына жеткізілді. Ол "тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу" (405-бап, 2-бөлім) және "экстремизмді қаржыландыру" (258-бап, 1-бөлім) баптары бойынша күдікті деп танылды. Бұған бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовпен сұхбат негіз болды.