×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Ресей Қазақстанда үш ЖЭО салады: Самұрық Энерго жоба құнын атады

16.01.2024, 11:13
Фото: Ашық дереккөзден

Көкшетау, Семей және Өскеменде жылу электр станциясын ресейлік "Интер РАО-Экспорт" компаниясы салады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Самұрық Энерго" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Қайрат Мақсұтов үкіметтің бүгінгі баспасөз мәслихатында Қазақстанда үш ЖЭО құрылысының сомасын атады.

– Қазір құнын айта алмаймыз, ол мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін белгілі болады. Смета әлі жоқ болған кезде индикативті деп аталатын құн. Слайдта көрсетілген болжамды сома (үкіметте) – 330 млрд теңге, - дейді ол.

Еске сала кетейік, Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша 2023 жылғы 9 қарашада Көкшетау, Семей және Өскеменде ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасалған еді.

Серіктес жаңалықтары