×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жаңаөзендегі ереуіл: мұнайшылар Астанаға баратынын ескертті

16.01.2024, 11:39
Жаңаөзендегі ереуіл: мұнайшылар Астанаға баратынын ескертті
бейнежазбадағы кадр

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында "МұнайСпецСнаб" мұнай сервис компаниясы қызметкерлері бес күннен бері ереуілде жүр. 15 қаңтарда ереуілшілер билікке жаңа үндеу жолдап, талаптары әлі орындалмағанын айтқан болатын, деп жазады Ulysmedia.kz.

Талап қандай

Мұнайшылар талап орындалғанша бейбіт наразылықта тұратынын хабарлады. Олар Астанаға баруға дайын екенін жеткізді.

15 қаңтарда ереуілшілердің бірі Азаттыққа наразылық акциясына 300-ден астам адам шыққанын хабарлады. Жұмысшылар ереуілі 11 қаңтарда басталды, олар алғашында мәселені келіссөз арқылы шешуге тырысқанын айтады, бірақ нәтиже болмаған. Наразылар жеті талап қойды, оның ішінде жалақыны көтеруді және еңбек жағдайын жақсартуды сұрайды.

Басшылар үнсіз

Өткен аптада наразылар өздеріне түрлі қысым жасалып жатқанын айтты. Олар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты мәселелерін шешуге атсалысуға үндеді.

Билік пен компания жұмысшылар талабы мен ереуіл жөнінде әзірге пікір айтпады.

Кәсіпорын жайлы

"МұнайСпецСнаб Компани" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "ҚазМұнайГаз" компаниясының еншілес кәсіпорындары – "Өзенмұнайгаз" және "ӨзенМұнайСервис" компанияларына мердігерлік қызмет көрсетеді. 

Естеріңізге салсақ, Маңғыстау облысындағы West Oil Softwar мұнай сервистік компаниясының жұмыскерлері де реуілге шығып, ереуілге қатысушыларға қысым көрсетіліп жатқанын айтқан еді.