×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Бас жоспар бекітілді: Астана 2035 жылға дейін қалай өзгереді

17.01.2024, 07:52
Бас жоспар бекітілді: Астана 2035 жылға дейін қалай өзгереді
Фото: Ашық дереккөзден

Үкімет Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарын бекітті. Құжатта елорданың әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық, көлік және энергетикалық инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөніндегі қадамдар белгіленген. Қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2,3 млн халқы бар қалаға айналады

Президенттің тапсырмасы бойынша әзірленген Астананың негізгі қала құрылысы құжаты қоғамда кеңінен талқылаудан өтті деп есептейді үкімет. Онда халық санының қарқынды өсуін ескере отырып, қаланы дамыту шаралары қарастырылған. Бүгінгі таңда елорда тұрғындарының саны шамамен 1,2 млн адамды құрайды, 2035 жылға қарай аталған көрсеткіш 2,3 млн адамға жетеді деп күтіледі.

Бас жоспарда 164 мектеп, 178 балабақша және 93 денсаулық сақтау мекемесінің құрылысы қарастырылған. 2029 жылға дейін заманға сай 15 оқушылар сарайы салынады. Мұның барлығы жергілікті бюджет пен жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылады.

Елорданың тұрғын үй қорын 68,2 млн м2-қа дейін, ал жол желісінің ұзындығын 1000 км-ге 2,5 мың шақырымға дейін ұлғайту жоспарланған. Қоғамдық көліктің баламалы түрлерін дамытып, негізгі магистральдарда, әсіресе Есіл ауданында кептелістерді жеңілдету үшін бес ірі көпір салынады.

«Жасыл белдеу» жалғасады

Су тұтыну көлемінің өсуін ескере отырып, Ертіс-Қарағанды каналынан тартылатын су құбырымен тәулігіне 210 мың текше метрге №4 сорғы-сүзгі стансасы салынады. Бұл ретте техникалық сумен қамтамасыз ету үшін өндірістік қуаты тәулігіне 160 мың текше метрге дейін жететін «Тельман» сорғы стансасын кеңейту көзделген.

Жылу және электр энергиясы бойынша 3-ЖЭО-ның екінші кезегін, төрт жаңа газ жылу стансасын салу және 2-ЖЭО-ны кеңейту, сондай-ақ 110/10 кВ 14 қосалқы стансаны іске қосу жоспарланған.

Газбен жабдықтау мәселелерін шешу үшін қолданыстағы АГТС-1 және АГТС-2 автоматтандырылған газ тарату стансаларының қуаты ұлғайтылады, сондай-ақ ұзындығы 71 мың шақырымнан асатын жаңа тармақ бойынша «Сарыарқа» магистральдық газ құбырына қосылатын АГТС-3 салынды.

Сонымен қатар өткен жылы қосымша 2 700 гектар жер бөлінген Астананың «жасыл белдеуін» дамыту жалғасады, онда, сондай-ақ қоғамдық және аула аумақтарын абаттандыру шаралары қабылданады.

2025 жылға дейінгі бас жоспарды іске асыруға барлық қаржы көздерінен тартылған инвестиция көлемі 6,3 трлн теңгені құрайды. Оның 4,3 трлн теңгесі тұрғын үй құрылысына жеке инвестициялар, 700 млрд теңгесі инфрақұрылымдық жобаларға тиесілі.

Еске сала кетейік, Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарының жобасы Ашық құқықтық реттеу порталында былтыр қарашада жарияланған. Оның қоғамдық талқылауы 8 желтоқсанға дейін жалғасқан.