×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қытай әлде Канада? Электромобиль батареясын жоятын зауыт салынады

17.01.2024, 10:19
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаттары елде электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мақсатында аталған заң жобаларына бастама жасағаны белгілі. Оның жобасын бүгін мәжілісте депутат Самат Мұсабаев таныстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлемдегі статистика

Самат Мұсабаевтың сөзінше, егер электромобильдердің әлемдік сатылымының соңғы үш жылдық динамикасына көз жүгіртсек, 2020 жылы әлемде 3 миллион 240 мың электромобиль сатылған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 43 пайызға көп. 2021 жылы бүкіл әлем бойынша 6,5 миллион электромобиль сатылып, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 109 пайызға өскен. 2022 жылы электромобильдер сатылымның жаңа рекордын орнатқан. Әлемде 7,8 миллион дана сатылған. 2023 жылы әлемде шамамен 17 миллион электромобиль мен гибридті автомобиль иесін тапқан.
Ал Қытай 2030 жылға қарай бензинді қозғалтқыштардан толық бас тартуды жоспарлап отыр. Зерттеушілердің пікірінше, 2035 жылға қарай әлем бойынша эксплуатацияда 130 миллион электромобиль болады. 

2021 жылы Глазгода өткен дүниежүзілік климат саммитінде Ұлыбритания, Үндістан, Австрия, Польша, Канада, Түркия және басқа елдер, барлығы 33 ел, сонымен қатар ірі алты автомобиль өндіруші: General Motors, Ford, Mercedes, Volvo, Jaguar/Land Rover және BYD (Build Your Dreams) 2040 жылға дейін іштен жану қозғалтқышы бар көліктерден толық бас тартатынын жариялаған.

«Заңның алғашқы жобасын дайындаған кезде электрмобильдерді кең ауқымды қолдануға тежеуші фактор ретінде арнайы инфрақұрылымның болмауы және «мұнай өнімдерімен» жүретін көліктердің құнының төмендігін атап өткен едік. Қазіргі таңда елімізде жағдай түбегейлі өзгерді. Мысалы, 2023 жылдың 1 қаңтарында электрқозғалтқышпен 812 жеңіл көлік тіркелсе, он екі айдың қорытындысы бойынша 7793 электркөлігі тіркелген, бұл дегеніміз электромобиль санының 9,5 есеге өскендігін көрсетіп отыр. Яғни «жасыл» көліктерге сұраныстың көбеюі қажетті инфрақұрылымды дамытуды ілгерлетуді талап етеді», - дейді Самат Мұсабаев.

Заң нені көздейді?

Заң жобаларында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы, автомобиль жолдары туралы, автомобиль көлігі туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жол жүрісі туралы заңдарына түзетулер енгізу көзделген. Заң жобасы мынадай негізгі нормаларды қарастырады:

  • «электромобиль» және «электрозарядты станция» ұғымдарын енгізу;
  • коммуналдық ақылы автотұрақтарда (автопарковкаларда, паркингтерде) электромобиль көлігінің иелері үшін тегін тұрақ орындарын пайдалану; 
  • тұрғын аймақтардағы электрозарядты станцияларды жобалау, орнату және техникалық пайдалану ережелерін әзірлеу және бекіту бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттілігін анықтау;
  • жергілікті атқарушы органдардың өкілеттілігі электрозарядты станцияларды орналастыру туралы шешімдерді қабылдау және такси тұрақтарын, әуежайларда, вокзалдарда, 1 және 2 санатты стационарлық сауда және мәдени ойын-сауық нысандарын, мәдени-демалыс парктері мен алаңдарын, даңғылдарды, көшелерді, кварталдарды электрозарядты станциялармен жабдықтау және ұйымдастыруды қамтамасыз ету. 

Сонымен қатар әкімшілік кодекске заң жобасы электромобильдер үшін бөлінген орындарда көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтатып тұру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу мақсатында әзірленген. 

Батареяларын қайда апарамыз?

Отырыс барысында депутаттар осы электромобильдердің батареясын басқа мемлекеттер қайда апарарын білмей отырғанын ескерттті. Олардың айтуынша, Еуропа елдері тіпті бұл мәселені реттеу үшін Африка елдеріне батареяларды апарып, залалсыздандыру идеясына көшкен. 

«Утилизация мәселесі өзекті. Инвесторды іздеп жатырмыз. Тапсақ... Әлем практикасын қарасақ, оны тек Канада мен Қытайдан инвесторлары жасай алады. Олар келіссе солармен жұмыс істеп, зауыт салайық деп отырмыз», - дейді экология вице-министрі Мансур Ошурбаев.

Серіктес жаңалықтары