×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстанда өлгеннен кейін мәйітін донорлыққа беруге қанша адам келісті

17.01.2024, 13:17
iStock

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда 15 мың азамат мәйіт донорлығына келісетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистер министрден елдегі мәйіт донорлығының жағдайы қаншалықты жақсарғанын сұраған.

– Халықтың пікірін біліп, олардың дайын екенін түсіну үшін денсаулық сақтау министрлігінің электронды тіркелімін әзірлеген. Ол eGov-та. Сол арқылы кез келген азамат өз тілегін білдіре алады. Бүгін 40 мың адам өз тілектерін білдірді, оның 6 мыңы (15%) тірі науқастарды құтқару үшін органын беруге келісті, - деді министр.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ведомство үлкен ақпараттық жұмыс жүргізуді жалғастыратынын атап өтті. Ол сондай-ақ 2023 жылдың желтоқсанында екі донор тоғыз адамды құтқарған кезде трансплантация операциялары жүргізілгенін мысалға келтірді.

Ғинияттың айтуынша, қазір денсаулық сақтау министрлігі жаңа заң жобасын жазу үшін ақпарат жинап жатыр.

Министр өзі қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісетіндердің қатарында екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары