×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстан билігі шетелдіктер асырап алған 250 баланың тағдырынан бейхабар

18.01.2024, 13:28
iStock

Сенатор Дархан Қыдырәлі шетелдіктер асырап алған балалардың ата-анасын табуға көмектесуге ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Депутат үкімет басшысына жолдаған сауалында бас прокуратура 2014 жылы шетел асқан балалардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, арнайы тексеріс жүргізгенін, жетім балалар мен оларды асырап алуға ниет білдірген азаматтардың бірыңғай мәліметтер жүйесін құруды ұсынғанын айтады. Алайда бұл тексерістің нәтижесі және қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы ақпарат беймәлім болып қалған.

– Айталық, Оңтүстік Африка, Кения, Филиппин, Мексика, Мальта, Аргентина сияқты елдерге кеткен 120 бала бақылауға алынды ма? Бірыңғай мәліметтер жүйесі құрылды ма?»,- деп сұрады Дархан Қыдырәлі.

Оның сөзінше, Қазақстан шетел азаматтары асырап алған балалардың құқығын қорғау мақсатында 2010 жылы «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны» ратификациялаған. Бала құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган болып саналатын оқу-ағарту министрлігі берген мәліметке сүйенсек, конвенцияға қол қойғалы бері шетелдік азаматтар 158 қазақстандық баланы асырап алған. Соның ішінде 2013-2019 жылдары 157 бала шетел асса, соңғы 4 жылда 1 бала сыртқа шыққан.

Конвенцияға қол қойғанға дейін, 1999-2011 жылдар арасында шетелдіктер 8 805 баланы асырап алған. Олардың 5 217-сі қазір кәмелеттік жасқа толуына байланысты есептен шығарылған. Кәмелетке толмаған 3 588 бала туралы мәлімет-есеп алынып тұрады.

– Өкінішке қарай есеп бермейтіндер де аз емес. Мәселен Оңтүстік Африка еліне кеткен 30 баладан хабар-ошар жоқ. Сол сияқты АҚШ-тағы 104, Бельгиядағы 113, т.с. баланың тағдырын білмейміз. Ең сорақысы, 1999 жылға дейін елімізден қанша жетім баланың шетелге кеткені туралы мүлдем мәлімет жоқ, - деді ол.

Осыған байланысты епутат 1999 жылға дейін шетелде кеткен жетімдер туралы деректер бойынша зерттеу жүргізу, ол балаларға биологиялық ата-анасын табуға көмектесу, сондай-ақ олардың қалауы бойынша еліміздің азаматтығын алуға жәрдемдесуді ұсынады.

Еске сала кетейік, Qaraqoz подкастының алғашқы қонағы – журналист, «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Бейсемізова осы мәселені көтерген еді. Жанар алғаш 2009 жылы қолға алған шет елдегі қазақ балалары туралы жоба биыл алтыншы маусымын түсіріп, «Жібек жолы» арнасында көрсетілді. Әр жылдары шыққан бағдарлама көрермен тарапынан қызу талқыланады. Саясаттан бастап, әлеуметтік жағдай, білім беру, жемқорлық, жеке индентификация, бала тәрибесі секілді маңызды аспектілерді қамтыған «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы мазмұны мен кәсібилігі тұрғысынан отандық телебағдарламалар арасында оқ бойы озық тұр. Сұхбатты толық көріп үшін сілтемеге өтіңіз.

Серіктес жаңалықтары