×
$
447.14
€
499.54
₽
5.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.14
€
499.54
₽
5.46

Шымкентте жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Бүгін, 15:45
Шымкентте жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр
фото: ашық дереккөзден

Шымкентте А-2 автомобиль жолын қайта жаңғыртудың бесінші кезеңі аясында ұзындығы 6,2 шақырым болатын учаскенің барлық алты жолағымен көлік қозғалысы ашылады. Бұған дейін жолдың бір бөлігімен ғана жүруге рұқсат берілген. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімнің айтуынша, бүгіннен бастап жолдың екінші жағымен де көлік қозғалысы ашылып, екі бағыттағы қозғалыс толық қамтамасыз етіледі.

Жоба аясында жолдың жүру бөлігі кеңейтіліп, инженерлік желілер көшірілген. Сондай-ақ жол төсемі төселген. Қазір іргелес аумақты абаттандыру, тротуар салу, көгалдандыру және қосымша инфрақұрылым нысандарын аяқтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Қала әкімі Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстарының бесінші кезеңімен де танысты. Қазіргі уақытта құрылыс учаскесінде жер қазу жұмыстары жүргізіліп, тіреу қабырғалары тұрғызылып жатыр.Сонымен қатар жол жиектері нығайтылып, асфальтбетон төсеуге арналған негіз дайындалуда.

 Мердігер ұйымға қалған жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау тапсырылды.