×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Интернет жоғы қолбайлау: ШҚО тұрғындары үкімет басшысына үндеу жолдады

19.01.2024, 10:20
Коллаж: ulysmedia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қаратоғай ауылының тұрғындары интернеттің жоқтығына байланысты премьер-министр Әлихан Смайылов пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Құрметті, Әлихан Асханұлы! Бағдат Батырбекұлы! Біздің сіздерге бейнеүндеу жолдауымыздың себебі – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына қарасты Қалғұтты аулыдық округі Қаратоғай ауылында әлі күнге дейін ғаламтор желісі жоқ. Ғаламтор желісінің жоқтығы мәселе туғызып, қолбайлау болып отыр. Соның салдарынан ауыл тұрғындары заман талабына сай уақтылы ақпарат алмаса алмай, жұмыс істеуіне үлкен кедергісін келтіріп тұр. Біз шекара түбінде орналасқан іргелі ауылдардың біріміз. Шекарадағы ауылдарды қолдайтыныңыз жөнінде “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы бойынша көптеген шара қолға алынатыны туралы айтқан едіңіз. Сол шаралардың бірі ретінде ауылымызға ғаламтор желісін жуық арада орнатуға ықпал етулеріңізді сұраймыз, – дейді үндеуде қаратоғайлықтар.

Олардың айтуынша, ауылға шекаралас жатқан ауылдық округтердің бәрінде ғаламтор желісі бар.

– Тек бізде ғана жоқ. Ауыл тұрғындары ауыл, аудан әкіміне жылдық есеп беру кезінде ғаламтор мәселесін бір емес, бірнеше рет айтқан. Бірақ ешқандай нәтиже болмады. Сол себепті сіздерге ауыл болып бейнеүндеу жасап отырмыз. Өтінішімізді жерге тастамауларыңызды сұраймыз, – дейді ауыл тұрғындары.

Қаратоғайлықтардың айтуынша, ауылда интернет тек “Е” деңгейінде ғана тартады. Олар мәселені реттеп беруді өтінеді.

Серіктес жаңалықтары