×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Мұхамедиұлының соты: Экс-министрдің әйелі жауапқа тартылды

19.01.2024, 13:11
Коллаж: ulysmedia.kz.

Астанада бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, оның жұбайы Ғалия Ысқақова мен адвокаты болған Мұстақым Төлеевке қатысты пара беру ісі бойынша басты сот талқылауы басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Істің мәнжайы

Мұстақым Төлеев 2023 жылдың шілдесінде аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынған. Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі Ғалия Ысқақова да тергеуге ілінген. Оның пара беруге делдал болды деген айыппен сотта ісі қаралғалы жатыр. Экс-министрге аса ірі мөлшерде пара беруге ұмтылды деген айып тағылған.

Антикордың мәліметінше, "қылмыстық жазаны жеңілдетіп, Мұхамедиұлын қамаудан босату үшін" адвокат шенеуніктің жұбайынан 460 мың доллар алған, ол ақшаны сот органдарының лауазымды адамдарына бермек болған". Тергеу барысында 255 мың доллар көлемінде параның бір бөлігі тәркіленген. Төлеев ақшаның қалған бөлігін жұмсап үлгерген деп есептейді тергеу органдары.

Мұхамедиұлына тағылған басқа да айып

Осы іспен қатар Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлы, Олжас Қайроллаев, Абай Сатыбалдин, Леонид Кочетов, Алмас Нұразхан, Азамат Көшенов, Айым Сәдуақасова және Гүлзат Жуаспаеваға қатысты басты сот талқылауы жалғасып жатыр. Тергеу әртүрлі іс бойынша екі эпизодты біріктірген. Оның бірі "Дипломат" қонақ үйін рейдерлікпен тартып алуға, екіншісі "Алтын адамның шеруі" көрмесін өткізуге қатысты іс. Айыптаушы тарап көрме арқылы жаңа жағдайлар ашылғанын хабарлайды. Айыпталушылардың ешқайсысы, оның ішінде бұрынғы министр Мұхамедиұлы да тағылған айыппен келіспейді.

"Дипломат" қонақ үйі

Тергеу мәліметтері бойынша, 2019 жылы қонақ үйдің бұрынғы иесі Мұхамедиұлына көмек сұрап жүгінген. Содан кейін Мұхамедиұлы жәбірленушіге 2,5 млрд теңге беріп, сенімді тұлғаға бизнестің 71%-ын рәсімдеуді талап еткен. Осыдан кейін Мұхамедиұлы бүкіл қонақүйді бақылауға алу жөнінде шешім қабылдаған, дейді мемлекеттік айыптаушы.

Экс-министр бұған дейін не үшін сотталды?

Еске салайық, экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр ҚР Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі және 189-бөлігі 4-тармағы 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Арыстанбек Мұхамедиұлымен қатар Ұлттық музей басшысы болған Алмас Нұразхан, «Экспонат» мердігер ұйым директорының орынбасары Азамат Көшенов пен осы компанияның есепшісі Айым Сәдуақасова 7 жылға сотталды. Олар қылмыстық заңбұзушылыққа қатысты деген айыппен кінәлі деп танылды. Сот шешімімен 6 жасар қызы бар, жалғызбасты Айым Сәдуақасованың баласы Сәдуақасованың туыстарының біріне немесе қамқорлық мекемесіне тапсырылатын болды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылдың 28 мамырында қамауға алынған болатын.

Тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілді. Бұдан басқа, А. Мұхамедиұлының Мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК, «Қазақ энциклопедиясы» АҚ және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС заңсыз беруге қатыстылығы тексерілді.

Ал таяуда антикордың ресми өкілі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «қосымша эпизодтарды» атаған еді.

Серіктес жаңалықтары