Төтенше жағдайлар министрлігі егер сіз төтенше жағдайға байланысты эвакуация туралы хабарды естіген болсаңыз, әрекет ету алгоритмін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Сабыр сақтап, міндетті түрде тиісті талаптарға сай әрекет етіңіз. Ең әуелі ауа райына сай киініп, құжаттарыңызды, құнды заттарыңызды алыңыз. Тұрғын-жайдағы, кеңседегі электр қуатын, газды, суды, пешті сөндіріңіз. Сыртқы есіктерді құлттауды ұмытпаңыз. Эвакуацияға жауапты тұлғаның бұйрығына сай әрекет жасап, қарттар мен науқастарға көмек көрсетіңіз, – дейді ТЖМ.
Алматыдағы жер сілкінісі
Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 8 адамның жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.