Депутаттар Алматыда жер сілкінісі кезінде халықтың уақтылы хабар ала алмай қалғанына назар аударды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Депутат Сергей Понамарев мәжіліс отырысында Алматыдағы жер сілкінісі кезінде дабыл сигналы уақтылы қосылмағанына кім жауапты екенін сұрады. Оңтүстік астанада болған жер сілкінісі кезінде Google андройдтар арқылы алматылықтарға хабар беріп үлгерген. Яғни алматылықтарға отандық меморгандардан немесе ұлттық операторлардан емес, әлем сервистерінен хабар бірінші жеткен.
– Мұндай қиын жағдайда хабарландыруды алдын ала кім беруі керек деген орынды сұрақ туындайды. Бил Гейтс пе, әлде Илон Маск па? Біздің хабарландыру жүйесі неге істемей қалды? – деп сұрады мәжілісте цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша заң жобасын қорғаған Екатерина Смышляевадан әріптесі.
Бұл сұраққа жауап берген Екатерина Смышляева жер сілкінісі болған кезде дабыл белгісі уақтылы қосылмай қалғанын растады.
– Қазір бұған кім кінәлі екені зерттеліп, анықталып жатыр. Менің ойымша, түпкі дереккөз уақтылы ақпаратты бермеген. Бәлкім, дабыл жүйесі іске қосылмай қалған шығар!? Қазіргі қолданыстағы заңда қысқа хабарландырулар бойынша байланыс операторларының міндеттемесі бар. Қысқа хабарламалар ешқандай мерзіммен шектелмеген. Ол күні бойы кез келген уақытта жіберілуі мүмкін. Сол себепті біз бұл бағытта біз “шұғыл хабарландырулар” түсінігін енгізуді көздейміз. Яғни, төтенше жағдайлар кезінде хабарландырулар қысқа әрі шұғыл берілуі тиіс, – дейді Смышляева.
Оның айтуынша, жалпыға ақпарат тарата алатын технологиялар бар. Олар қазіргі таңда өндірісті эксплауатацияға енгізілмеген. Депутат бұл мәселені бюджет комиссиясы шеңберінде шешуді ұсынады.
Нұрәлі Әлиевтің қандай қатысы бар?
Алматының құлақтандыру жүйесі мен Қазақстанның бұрынғы президентінің жиені Нұрәлі Әлиевті не байланыстыратыны белгілі болды. 2022 жылы төтенше жағдайлар департаменті TNS-INTEC компаниясымен жер сілкінісіе ерте ескерту жүйесін орнату туралы келісім жасаған.
Компанияның құрылтайшысы - Darmen Holding. соңғы иесі – Нұрәлі Әлиев, деп жазады Nege.Aqsha telegram арнасы.
Қол қойылған құжаттарға сәйкес, компания Алматы аумағында 28 станция орнатуы керек еді. Жоба бойынша станциялар ТЖМ мен сейсмология институтына жер сілкінісінің жақындағаны туралы алдын-ала сигнал беруі керек болған.
Алматыдағы жер сілкінісі
Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 40-тан астам адам жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.
Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді: